5 жасар қыз қасында жатқан інісін құтқаруды сұраған
Құтқарушылар жер сілкінісінен 3 күннен соң үйінді астынан қыз баланы тауып алған. Балақай еш тартынбастан, жыламастан құтқарушылармен сөйлесіп, қасында жатқан інісі жайлы айтады, деп жазды KYN.KZ.
«Ағатайлар, менің қасымда інім бар. Оны да шығарасыздар ғой?. Бірақ ол менімен әзілдесіп, ойнап жатыр. Сөйлесем жауап бермей, өтірік ұйықтап қалғандай түр жасап жатыр»,- деген қыз бала.
Құтқарушылар тақылдап тұрған қыздың сөзіне не деп жауап берерлерін білмей абдырап қалған. Тіпті жүзін бүркемелеп, көзінен еріксіз жас шыққандары да бар.