×

4 өңірде ескерту жарияланды

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі

 Халық үні 11.02.2023 | 23:45
Фото: turkystan.kz

«Қазгидромет» РМК 12 ақпанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман болады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болып, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама