Х Азия чемпионаты: Қазақстан екінші алтын жүлде алды

Дастан Жұмабекұлы

Қазір ел қоржынында 2 алтын, 2 күміс пен 1 қола медаль бар

фото: Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы

Астанада жеңіл атлетикадан өтіп жатқан жабық кешендегі Х Азия чемпионатында алтын жүлде алған Каролин Чепкоеч Кипкируиден кейін тағы бір отандасымыз топ жарды.

Әйелдер арасында 400 метрге жүгіруде Элина Михина алдына жан салмай, құрлық чемпионы атанды. Бұл қашықтықты 28 жастағы атлет 54.07 секундта жүгіріп өтті. Оның алдында Ольга Сафронова 60 метрге жүгіруде күміс жүлдегері атанса, 400 метрге жүгіруде Михаил Литвин де мәреге екінші келіп, күміс медальді иеленді.

18 жастағы отандасымыз Ақбаян Нұрмамет 1500 метрге жарыста қола жүлдені жеңіп алды. Бұл қашықтықты ол 1.06.04 секундта жүгіріп өтті.

Қазір ел қоржынында 2 алтын, 2 күміс пен 1 қола медаль бар.