Halyq Uni логотип
×

Алматыдан 128 км қашықтықта жер сілкінді

Жер сілкінісінің қуаты 3,8 балды құрады

 Халық үні 11.02.2023 | 19:50
Алматыдан 128 км қашықтықта жер сілкінді
Фото: static.vkurse.kz

 Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі сағат 17:05-те жер сілкінісін тіркеді.

«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 128 км қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы – 8.3. MPV магнитудасы – 3.8. Эпицентр координаттары – 42.12° с.е., 76.37° ш.б. Тереңдігі – 15 км. Сезілгені жайлы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама