Halyq Uni логотип
×

Теңіз кен орнындағы жұмысшылардың талабы бойынша комиссия құрылды

Мекеменің 200 қызметкері сыйақыға қатысты шеруге шықты

 Динара Амантай 11.02.2023 | 17:14
Теңіз кен орнындағы жұмысшылардың талабы бойынша комиссия құрылды
Фото: видеодан скриншот

Атырау облысында Теңіз кен орнындағы жұмысшылардың талабы бойынша арнайы комиисия құрылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Атырау облысында сағат 10:30-да үзіліс кезінде Теңіз кен орнының үшінші буын зауытының 42-учаскесіне тартылған «Senimndi Kurylys» ЖШС-нің 200 қызметкері жиналып, 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін жұмысқа қабылданған қызметкерлерге бір реттік сыйақыға қатысты түсіндірме беруді талап етті.

Қазір Атырау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша, Теңіз кен орнында Жылыой ауданы әкімі Ж.Қаражановтың төрағалығымен арнайы комиссия құрылды.

Комиссия құрамында «Теңізшевройл» ЖШС өкілдері, «Senimdi Kurylys» басшылығы мен жұмысшылары, Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері бар.

Комиссия жұмысының қорытындысы қосымша хабарланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама