Былғары қолғап шеберлеріміздің қарсыластары осал емес
Қазақстанның алты боксшысы Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп жатқан Иштван Бочкаиды еске түсіруге арналған халықаралық турнирдің финалына шықты.
Жартылай финалда Теміртас Жүсіпов (48 кг), Серік Теміржанов (57 кг), Саматәлі Төлтаев (60 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Аятолла Тәкіжанов (75 кг) пен Айбек Оралбай (92 кг) қарсыластарын жеңіп, финалға жолдама алды.
Енді финалда Теміртас Жүсіпов Асылбек Аманқұлұлымен (Қырғызстан), Серік Теміржанов Василе Устуроймен (Бельгия), Саматәлі Төлтаев Фред Дззивамен (Австралия), Дулат Бекбауов Ярослав Михалушкомен (Украина), Аятолла Тәкіжанов Украинаның тағы бір өкілі Иван Папакинмен жұдырықтасады. Ал Айбек Оралбай Ұлыбританияның боксшысы Патрик Браунмен қолғап түйістіреді.