×

Тағы бір Қазақстан боксшысы қарсыласын нокаутқа жіберді

Николай Шваб WBA Fedecaribe титулы қорғап шықты

 Дастан Жұмабекұлы 11.02.2023 | 11:44
фото: ашық дереккөз

Жеңіл салмақтағы боксшы Николай Шваб WBA Fedecaribe титулы үшін кәсіпқой рингте кезекті жекпе-жегін өткізіп, венесуэлалық Эльбер Рохасты нокаутқа жіберді.

Ол Доминикан Республикасында өткен бокс кешінде үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын. Үшінші раундта Шваб кездесуді соңына дейін жеткізбей, қарсыласына жойқын соққыларын беріп, есеңгіретіп тастады. Сол кезде техникалық нокаут тіркеліп, төрешілердің шешімімен жеңіс қазақстандық боксшыға берілді.

Бұл Николай Швабтың кәсіпқой бокстағы 11-ші және мерзімінен бұрын жетінші жеңісі болды.

Рохас осымен сегізінші рет жеңіліп отыр. Ол 18 қарсыласын жеңісе (15-і нокаутпен), екі боксшымен тең түскен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама