Қазір қалада 938 адам сиятын 4 вагонды жылжымалы құрам қатынап жүр
Алматыда 13 ақпаннан бастап метро желісінде қосымша 10 құрам қызмет көрсетеді, деп хабарлады Halyq uni тілшісі.
Жаңа құрам қосылған соң қозғалыс аралығы қарбалас сәтте 6 минут 12 секундке дейін қысқарады.
2022 жылы екі жаңа станция қолданысқа берілді. Осыған байланысты жолаушылар саны шамамен екі есеге артып, 85 мыңға жетті. Қазір 938 адам сиятын 4 вагонды жылжымалы құрам қатынап жүр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын әзірлеушілер қоғамдық көлікті дамыту перспективаларын талқылаған болатын. Бас жоспарға сәйкес 2040 жылға қарай метро желісінің ұзындығы 32 шақырымға жетпек. Бүгінгі таңда қолданыстағы желі 13 шақырымды алып жатыр.