×

Бүгін ауа райы қандай болады?

Қар жауып, жаяу бұрқасын көтеріледі

 Халық үні 11.02.2023 | 08:54

Қазгидромет мамандары 11 ақпан, сенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Оған сенсек, бүгін атмосфералық процестердің шиеленісуінен және фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Қар жауып, жаяу бұрқасын көтеріледі.

Оңтүстікте – кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр және қар) жауады.

Тек еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша жел күшейеді, тұман түсіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады

Серіктес жаңалықтары

Сараптама