Ол Хатай қаласынан табылды
Түркияда жоғалған қазақстандық қыз табылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Тағы бір Қазақстан азаматы із-түзсіз жоғалған деп танылған. Алайда біз оны Хатай қаласынан таптық. Ол бір-екі күн ешкіммен хабарласа алмаған. Қазір оның жағдайы жақсы, ол қауіпсіз жерде. Ол тұратын үй қирамаған, - деді ресми өкіл СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетейік, 8 ақпанда Түркияның Қазақстандағы елшісі төрт қазақстандық із-түзсіз жоғалғанын хабарлады. Сол күні үйінді астынан қазақстандық Сабина Мамадьярова құтқарылды.