×

«Ешкіммен хабарласа алмаған»: Түркияда жоғалып кеткен қазақ қызы табылды

Ол Хатай қаласынан табылды 

 Халық үні 10.02.2023 | 19:07
Фото: Getty Images

Түркияда жоғалған қазақстандық қыз табылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тағы бір Қазақстан азаматы із-түзсіз жоғалған деп танылған. Алайда біз оны Хатай қаласынан таптық. Ол  бір-екі күн ешкіммен хабарласа алмаған. Қазір оның жағдайы жақсы, ол қауіпсіз жерде. Ол тұратын үй қирамаған, - деді ресми өкіл СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, 8 ақпанда Түркияның Қазақстандағы елшісі төрт қазақстандық із-түзсіз жоғалғанын хабарлады. Сол күні үйінді астынан қазақстандық Сабина Мамадьярова құтқарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама