Елімізде рейтингісі жоғары қонақүйлердің саны азайған
Қазақстанда қонақүйлердің рейтингісін анықтау критерийін жаңарту жоспарланып отыр, деп хабарлады СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметі.
Бүгін Азия Даму банкінің консультанттары Қазақстан мен Қырғызстандағы қонақүй бизнесіне қатысты қорытынды есепті таныстырды.
Кездесу барысында сарапшылар қонақүй секторының сапа стандартын көтеру, келушілердің қанағаттану деңгейін арттыру үшін қолданыстағы жүйені жаңарту керегін атап өтті.
Сондай-ақ отырыста Қазақстанда жұмыс істеп тұрған 2 294 қонақүйдің тек 131-інің жұлдыз санаты бар. Бұл ретте жұлдызы бар қонақ үйлердің саны мен үлесінің төмендеуі байқалған.
Туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның рөлі мен құзыреттілігін күшейту үшін бағалау процесін бақылайтын бірыңғай Ұлттық үйлестірушіні құру көзделіп отыр.
Сонымен қатар бизнестің ресми жіктеуге қатысуын ынталандыру үшін Азия Даму банкінің консультанттары ынталандыру жүйесін ұсынады. Мысалы жеңілдетілген несиелер және тағы басқа.
СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев қонақүй бизнесі индустриясында қонақүйлерге жұлдыз беруге бағытталған стандартты енгізу және өзектендіру маңызды екенін айтты.
Инвестиция тарту, туристік әлеуетті дамыту тұтастай алғанда экономиканы дамытуды көзейді. Сондықтан біз осы бағыттағы стандартты өзектендіру мен енгізуді қолдаймыз, - деді басшы кездесу барысында.