Halyq Uni логотип
×

Сирияға 160 млн теңгенің гуманитарлық көмегі жіберіледі

Бүгінде 50 тонна жүк жіберілген

 Дәурен Ерболат 10.02.2023 | 17:25
Сирияға 160 млн теңгенің гуманитарлық көмегі жіберіледі
Фото: inbusiness.kz

Қазақстан жойқын зілзаладан зардап шеккен Сирияға 160 млн теңгенің гуманитарлық көмегін жібереді. Бұл туралы Cыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына гуманитарлық көмек көрсетеді. Көмек штаб-пәтері Астанада орналасқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының желісі бойынша Ислам ынтымақтастық ұйымы шеңберінде беріледі. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 160 млн-нан аса теңге бөлінді, - деді ресми өкілі.

Алғашқы гуманитарлық көмектің бір бөлігі бүгін Сирияға жіберілді.

Жалпы салмағы 50 тонна азық-түлік, жылы киім, шатырлар мен төсек-орындар жабдықтары түріндегі көмек Қазақстанның арнайы ұшақтарымен Сирия Араб Республикасының аумағына жеткізіледі. Бүгін бірінші ұшақ Алматыдан Сирияға ұшып шықты, - деді Смадияров.

Оның айутынша, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының басшылығы Қазақстанның Ливандағы елшілігі мен Қазақстанның Сириядағы консулдығының көмегімен Алеппо қаласында Сирияның уәкілетті өкілдеріне гуманитарлық жүкті тапсырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама