×

Өскеменде оқушылар шұғыл қауіпсіз жерге көшірілді

Білім ордаларына бомба қойылған деген ақпарат түскен

 Дәурен Ерболат 10.02.2023 | 14:46
Фото: kazlenta.kz

Өскеменде бірнеше мектепте оқушылар эвакуцияланды, деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

10 ақпанда түсте полицияға қаладағы бірнеше мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен қызметкерлер білім ордаларының ұжымы мен оқушыларды эвакуациялады.

Қазір әр мектептің іші тексеріліп жатыр. Халықтан сабырлылық танытып, енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - деп жазылған хабарламада.

Бұл осы аптада мектепке бомба қойылғаны туралы хабар түскен үшінші жағдай болып саналады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама