×

Сапалы оқулықтар әзірлеу үшін баспаларға жауапкершілік күшейді

Министрлік талаптарды нақтылауға бағытталған бірқатар заңнамалық шаралар қабылдады

 Динара Амантай 10.02.2023 | 14:27
Фото: turkystan.kz

Бұдан былай полиграфиялық ақау, сондай-ақ пәндік сараптама комиссиясы бекіткен нұсқадан ауытқу салдарынан кеткен қателер мен басқа да кемшіліктер анықталған жағдайда, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді баспа өз есебінен ауыстыруға міндетті. Бұл туралы Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы хабарлады.

Біз мұндай құқықтық норма арқылы барлық тараптардың өзара жауапкершілігін күшейту мектептегі оқу әдебиетінің сапасын арттыруға оң әсер етеді деп санаймыз, – деді орталық басшысы Елдос Нұрланов.

Еске сала кетсек, соңғы 3 жылда Оқу-ағарту министрлігі мемлекеттік сараптама рәсімдерінің объективтілігін арттыруға, сарапшыларға, авторларға және оқулықтарға қойылатын талаптарды нақтылауға бағытталған бірқатар заңнамалық шаралар қабылдады.

2020 жылы сараптама жүргізу процесі толығымен құпиялық режимге ауыстырылды. Министрлік сайтында pdf және epub форматындағы қағаз оқулықтардың электрондық нұсқалары ашық орналастырылып, авторлар көрсетілмейтін болды. Бұл – сараптаманың әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ететінін шара. Сондай-ақ баспаларға ішкі сараптама жүргізу, авторлардың оқу әдебиеттерін әзірлеудің әдіснамасы, оларды бағалау критерийлері бойынша оқыту курсынан өткізу жауапкершілігі жүктелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама