×

Қайрат Нұрқаділовтің әкесінің қазасына қатысты арызы Бас прокуратурада қаралып жатыр

Заманбек Нұрқаділов 2005 жылдың 12 қарашасында қайтыс болды

 Ербол Тұрымбет 25.03.2022 | 15:54
фото: Заманбек Нұрқаділов, Қайрат Нұрқаділов

Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның Заманбек Нұрқаділовтің қазасы бойынша қылмыстық істі тергеуді қайта бастағаны туралы ақпарат тарады. Алайда, Бас прокуратура бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Қайрат Нұрқаділовтың арызы ведомствода қаралуда, - делінген Бас прокуратураның мәлімдемесінде.

Еске салайық, мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің (марқұм) ұлы әкесінің өз-өзін атып өлтіргеніне сенбейтінін айтып, Бас прокуратураға істі қайта қарауға арыз жазған.

Қайраттың айтуынша, Заманбек Нұрқаділов қайтыс болғанда Алматы қалалық полиция департаменті іс қозғап, оны «Әкең өз-өзін атып өлтірді» дегенге мәжбүрлеп келістірмек болған.

Әкесі қайтыс болған кезде Қайрат Нұрқаділовтің үлкен қызы 14 жаста, кішісі 3 жаста болған. Ол әкеден жалғыз ұл болғаннан кейін қорқып, полицияға амалсыз «келісімін» берген.

2005 жылдың 12 қарашасында Заманбек Нұрқаділов өз үйінде өлі күйінде табылды. Екі оқ марқұмның кеудесіне тиген, біреуі басына тиген. Болған оқиғаның ресми нұсқасы бойынша өз-өзіне қол жұмсаған деп танылды. Марқұмның денесі Алматыдағы «Кеңсай» зиратына жерленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама