Биыл мекеме басшылары жұмысшыларға 1,5 млрд теңгеден аса жалақысын төлемеген

Динара Амантай

Оларға 3,8 млн теңгеден аса сома айыппұл салынды

Фото: Halyq Uni

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 6,2 мыңнан аса жұмысшының құқығын қорғады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл 1 ақпандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 95 кәсіпорнында 8,2 мың жұмысшының алдында жалақы бойынша 1,5 млрд теңгеден аса берешекті анықтады.

Кәсіпорын басшыларына орындалуы міндетті 24 нұсқама беріліп, 3,8 млн теңгеден аса сома айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 6,2 мыңнан аса жұмысшының құқықтары қорғалды. Оларға 948 млрд теңге төленді.