Halyq Uni логотип
×

Украина әскері Угледарда татардың «Алга» еріктілерін түгел жойып жіберді

Ресейдің «Терминатор» деген соғыс машинасы да істен шықты

 Дастан Жұмабекұлы 10.02.2023 | 11:43
Украина әскері Угледарда татардың «Алга» еріктілерін түгел жойып жіберді
фото: kazved.ru

Украина Қарулы күштері Угледар түбінде Ресей армиясы сапындағы этникалық татарлар батальонын түгелге жуық жойып жіберген. Бұл туралы «Диалог.ua» хабарлады.

Ресей әскерлерінің қалайда Угледарды басып алуға бағытталған талпыныстары оларды орасан зор шығынға алып келді.

Қазір ресейліктер соңғы бірнеше күн бойы Украина Қарулы күштерінің позицияларын алу жолында жиі шабуыл жасап жатыр. Ұрыс қимылдарының нәтижесінде Ресей Қарулы күштерінің 155-ші және 40-теңіз жаяу әскерлері бригадалары ауыр шығынға ұшырады. Олар енді ірі көлемде шабуылға шыға алатындай жағдайда емес. Ресей тап осы себептен кейін қанды қасапқа Татарстаннан алынған еріктілердің «Алга» атты батальонын салды. Бірақ олар да ұзаққа бармады.

Бұдан бір аптаға таяу уақыт бұрын мен жаудың 3-армия корпусы құрамынан шайқасқа бригадалар шығарылғанын жазған едім. Дұшпан енді сол 3-армияның 72-бригадасы құрамындағы «Алга» еріктілер батальонын соғыста қолдануға шешім қабылдапты. Батальон Татарстанда жасақталған. Оның құрамы негізінен этникалық «Еділ бойы татарларынан» құралды. Бұл – 155-ші және 40-бригадалардың ірі шабуылдарға қатысуға жарамсыз болып қалғанының тағы бір айғағы. Сондықтан жау майдан даласында бірқатар қысымды ұстап тұру үшін мобилизациямен келген этникалық батальондарды соғысқа пайдаланғалы жатыр, – деп жазды әлеуметтік желіде Tatarigami_UA. деген аккаунтпен көрініп жүрген украин армиясының офицері.

Угледар түбінде оккупанттар армиясының кезекті мәрте қырылып қалғанын қазір желіде Татарстаннан беріліп жатқан қазанамалар легі де байқатып отыр.

Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері Ресейдің танктерге қолдау көрсететін «Терминатор» деген соғыс машинасын да жойып жіберді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама