×

Қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан тағы 3 адамды аман алып шықты (ВИДЕО)

Адамдар дереу медициналық қызметтерге жеткізілді

 Динара Амантай 10.02.2023 | 10:02
Фото: видеодан скриншот

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үйінділердің астынан тағы 3 тірі адамды шығарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, екінші эшелон Түркияға келген сәттен бастап тәулік бойы құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оларға іздеу орны Газиантеп қаласынан 69 шақырым жерде орналасқан Нурдагы қаласындағы толығымен қираған ғимарат бекітілді.

Бұл нысанда қазақстандық құтқарушылар адамдардың орналасқан жері мен жай-күйін анықтау, үйінділер астында зардап шеккендермен аудио байланыс орнату, қажетті көмектің көлемі мен сипатын анықтау бойынша жұмыстарын жүргізді.

Қазақстандық құтқарушылардың үлкен тереңдіктегі үйінділердің астынан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін жол ашу жұмыстарын орындап, жедел және сауатты іс-қимылдың, сондай-ақ зардап шеккендерді блоктан шығару бойынша уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгін түнде көлемі 18 мың текше метрден аса үйіндінің астынан 3 тірі адамды – ер адам мен екі әйелді шығаруға мүмкіндік туды.

Адамдар дереу медициналық қызметтерге жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама