Коронавирусқа шалдыққандардың саны артып келеді

Дәурен Ерболат

10 науқастың жағдайы ауыр

Фото: ТАСС

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны өсіп жатыр, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте 94 адамнан коронавирус, 10 адамнан пневмония табылды.

10 ақпандағы мәлімет бойынша, елімізде жалпы 1 649 адам аурудан емделіп жатыр: коронавирус (КВИ+) – 1 484 адам, пневмония (КВИ-) – 165 адам.

Олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 528 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 10 науқастың жағдайы ауыр, 1 пациенттің жағдайы өте ауыр, - деп жазылған хабарламада.