Демалыс күндері белгілі болды
Наурыз айында жұмыс істейтін азаматтар қосымша 4 күн демалады.
Осы айда екі мереке бар. Оның бірі – 8 наурызда аталып өтілетін Әйелдердің халықаралық күні. Бұл күн биыл серсенбіге келіп тұр.
Ал екіншісі – Наурыз мейрамы. Мерекені қазақстандықтар 3 күн, яғни 21, 22, 23 күндері атап өтеді. Биыл наурыз мейрамы сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндерге тұспа-тұс келеді. Әдетте мұндай жағдайда Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыратын. Бірақ, бұл жолы Үкіметтің тиісті қаулысы жарияланған жоқ. Оған 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттарының сайлауы себеп болуы мүмкін. Сонымен, 18, 19 наурыз – сенбі, жексенбі демалыс, 20 наурыз – жұмыс күні, одан әрі 21-23 наурыз – мемлекеттік мейрам.
Сондықтан наурыз айында мереке күндерін қоса алғанда аптасына 5 күн жұмыс істейтін азаматтар – 12, ал аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер 8 күн демалады.