×

«Айқай-шу естілген»: Көкшетаудағы жатақханада екі адамды пышақтап кетті

50 жастағы күдікті бұрын да түрмеде отырып келген екен 

 Халық үні 09.02.2023 | 22:28
Фото: 24.kz

Көкшетауда 50 жастағы азамат жатақханада екі адамды пышақтап тастаған, деп хабарлады КТК арнасы.

Күдікті кейін өзі полицияға хабар беріпті. Бөлмедегі айқай-шуды көршілері де естіген.

«Шулап жатты. Бір ақсақал тұратын. Әйелді кеңірдегінен төрт рет пышақтаған дейді. Шалды білмеймін. Масқара. Ешкімге зияны жоқ», – деді марқұмның көршісі Найман Демесінов.

Бөлмеде 87 жастағы ақсақал жалғыз өзі тұрыпты. Қылмыс болған күні өзінен 30 жас кіші әйел мен ер адам қонаққа келген. Бірақ думанды дастархан соңы қанды қылмыспен аяқталды. Қаскөй өзімен бірге келген әйелді ақсақалдан қызғанған көрінеді. Асхана пышағын алып алдымен қарияны, одан соң әйелді кеңірдегінен бауыздап жіберген. Қылмысқа барған бұл адам бұрын да кісі өлтіріп, сегіз жыл түрмеде отырып келген екен.

«Ауыр қылмысын бірден мойындады. Дегенмен полиция келгенше пышақты жасырып, сыртқа лақтырып үлгерген. Екі бірдей адамды өлтірді деген күдікпен қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды», – дейді Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің  жетекшісі Гүлнар Пинчук.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама