×

Түркиядағы жер сілкінісі: әйел баласын денесімен жапқан күйі қаза тапқан

Сәби 72 сағаттан кейін құтқарылды

 Халық үні 09.02.2023 | 19:50
Фото: видеодан алынды

Түркияда үйінді астынан бала құтқарылды. Баланы анасы денесімен жауып қалған, деп хабарлады TGRT Haber.

Хатай қаласындағы құтқару жұмыстары кезінде баланың жылаған дауысы естілген.  

Аднан есімді бала жер сілкінісінен кейін үйінді астынан табылды. Белгілі болғандай, баланың ата-анасы, екі ағасы мен екі әпкесі зілзаладан көз жұмған. Баланың төсегін анасы денесімен жауып қалған, –  деп хабарлады құтқарушылар басылым журналистеріне.

Сәбиді құтқару 72 сағатқа созылған. Баланы қолына алған құтқару тобының командирі көзіне жас алды.

Қазіргі уақытта Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 14 014, жараланғандар саны 63 794-ке дейін жетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама