Halyq Uni логотип
×

Бас мүфти Индонезия ғұламалар кеңесінің төрағасымен кездесті

Қос тарап екіжақты әріптестік байланысты нығайтуға ниетті

 Дәурен Ерболат 09.02.2023 | 17:58
Бас мүфти Индонезия ғұламалар кеңесінің төрағасымен кездесті
Фото: ҚМДБ

Индонезия астанасы Жакартада ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ғұламалар кеңесі бас төрағасының міндетін уақытша атқарушы, доктор Марсуди Сухудпен кездесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кездесуде бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

Онда ҚМДБ мен Индонезия ғұламалар кеңесі әлемдегі бейбітшілікті сақтау, Ислам дінінің өркендеуіне үлес қосу, өзара екіжақты вебинар, конференция, семинар ұйымдастыру қамтылды. Өзара бірлескен мәлімдеме 2023-2026 жылдарды қамтиды, - деп жазылған ҚМДБ таратқан хабарламада.

Бірлескен мәлімдемені жүзеге асыру бағдарламасы екіжақты тараппен арнайы келіскен түрде нақтыланады.

Қос тарап ынтымақтастықты нығайтып, Ислам дінін әлемге насихаттауды, ғұламалар кеңесінің бірлескен жиынын өткізуді көздейді, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама