Halyq Uni логотип
×

Мәжіліс сайлауы: 7 партиядан 283 кандидат бәсекеге түседі

Сайлау 19 наурызда өтеді

 Дәурен Ерболат 09.02.2023 | 17:15
Мәжіліс сайлауы: 7 партиядан 283 кандидат бәсекеге түседі
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда 7 партиядан 283 үміткер бәсекеге түседі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, кеше барлық өңірде Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталған. ОСК сайлауға барлық 7 саяси партияны жіберген. Олар Мәжіліс сайлауына қатысу үшін 283 кандидаттан тұратын партиялық тізімін комиссияға берген.

Саяси партияға мүше болмаған азаматты тізімге қосуға болмайнынын ескерткім келеді. Партиялық тізімге қосылғандар саны саяси партиялар арқасында бөлінетін депутаттық мандаттың белгіленген санынан 30%-ға асып кетпеуге тиіс. Бұл – ары кеткенде 90 адам, одан төмен де болады. Партиялар партиялық тізім саны қанша болатынын дербес анықтады, - деді Константин Петров.

Мәжіліс сайлауына 7 саяси партия қатысады. Оның ішінде партиялық тізім арқылы:

  • Қазақстан Халық партиясынан – 52,
  • Ақ жол партиясынан – 54,
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан – 19,
  • «Байтақ» жасылдар партиясынан» – 18,
  • «Ауыл» партиясынан – 25,
  • Respublica партиясынан – 25,
  • AMANAT партиясынан – 90 кандидат.

Айта кетейік, Мәжілістегі 98 орынға 69 кандидат – партиялық тізім бойынша, 29 кандидат бірмандатты округтер бойынша сайланады. Ал мәслихаттарда 3 415 орын бар. Оның 668-і – облыстар, 617-і – қалалар, 2 130-ы – аудандар.

Депутаттыққа барлығы 14 207 кандидат ұсынылды:

  • Мәжіліс депутаттығына – 892;
  • Мәслихат депутаттығына – 13 315 адам.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама