×

АҚШ боксшылары биылғы әлем чемпионатына қатысудан бас тартты

Себебі оған Ресей мен Беларусь өкілдері қатысатын болып отыр

 Дастан Жұмабекұлы 09.02.2023 | 17:09
фото: ашық дереккөз

АҚШ бокс федерациясы биыл 1-14 мамырда Өзбекстанның Ташкент қаласында болатын әлем чемпионатына қатысудан бас тартты. Себебі Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) әлемдік додаға Ресей мен Беларусь өкілдерінің қатысуына рұқсат беріп отыр.

АҚШ бокс федерациясының президенті Майк Макэйти Халықаралық бокс қауымдастығына ресми хат жолдап, ұйымның іс-әрекеті халықаралық ережелер мен fair-play қағидаттарына қайшы келетінін атап көрсетті.

Бұған дейін Халықаралық бокс қауымдастығы саяси бейтарап ұйым болып қала беретінін мәлімдеген еді. Алайда әлем чемпионаты жақындағанда Ресей мен Беларусь боксшыларына жарыстарға қатысуға рұқсат беруге шешім қабылдады.

Биылғы ерлер арасындағы әлем чемпионаты Өзбекстанда өтсе, әйелдер жарысы наурыздың 15-і мен 31-і аралығында Үндістанда болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама