Halyq Uni логотип
×

Сириялық 300 мыңға жуық тұрғын үйлерін тастап кеткен

12 жылға жуық уақыт бойы азаматтық соғыстан көз ашпаған ондағы жағдайды зілзала одан әрі қиындатқан

 Еркеғали Болатұлы 09.02.2023 | 16:40
Сириялық 300 мыңға жуық тұрғын үйлерін тастап кеткен
фото: novosti-zp.ru

Жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияда да іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көз жұмғандар саны 3 мыңға жуықтаған.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, 300 мыңға жуық адам үйін тастап кетуге мәжбүр болған. Ал қалған тұрғындар үйінді астында қалған туыстарын табу үшін құтқарушыларға көмектесіп жүр.

Бұл ретте 12 жылға жуық уақыт бойы азаматтық соғыстан көз ашпаған Сириядағы жағдайды зілзаланың одан әрі қиындатқаны анық. Қазір онда халықаралық гуманитарлық көмек те жете бастады. Алайда өткізу пункттеріне апаратын жолдардың бұзылуына байланысты, кей аудандарда қиындықтар туындап тұр.

Таңертеңнен бері осындамыз. Бір жерден 7 адамның мәйітін шығардық. Бейбіт тұрғындар бізге үйінділерден адамдарды алып шығуға көмектесіп жатыр, - деді Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Ахмет Салум.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама