700-ге жуық онлайн курс та аударылады
Қазақстандағы кітапханалар әлемдегі үздік ғылыми еңбектермен толықты. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Әлемде сұранысқа ие 100 оқулық қазақ тіліне аударылды, - деді Саясат Нұрбек танымал кәсіпкер, журналист Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында.
Оның айтуынша, ведомство алдында оқулықтарды электронды форматқа көшіру бойынша ауқымды міндет тұр.
Мәселе ішінара шешілді. Университеттердегі кітапханалардың басым бөлігі цифрландырылды. Сондай-ақ Coursera (компаниясымен) Қазақстанда жоқ білім беру платформасының 654 үздік курсын қазақ тіліне аудару туралы келістік, - деді Саясат Нұрбек.