×

WBA Головкиннен шаршы алаңға шығуды талап етті

Боксшыларға 15 күнде келіссөз жүргізу міндеттелді

 Дастан Жұмабекұлы 09.02.2023 | 13:35
фото: ашық дереккөзден біріктірілген

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинді Куба боксшысы Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізуге міндеттеді. Бұл туралы wbaboxing.com сайты хабарлады. 

WBA боксшыларға 23 ақпанға дейін келісімге келуге 15 күн уақыт берді. Яғни, Головкин мен Лараның командасы 8-23 ақпан аралығында өзара шарттарды ақылдасады. Егер боксшылардың командалары осы уақытқа дейін келісімге келмесе, жекпе-жекке промоутерлік сауда белгіленеді. 

Генадий Головкин бразилиялық Эскива Фалькаомен жекпе-жек өткізіп, IBF титулын қорғауы керек еді. Алайда 8 ақпанда GGG бұл титулдан бас тартатынын мәлімдеді. Оның себебін Головкин бразилиялық Эскива Фалькаоға титул үшін жекпе-жек өткізіп, IBF белбеуін жеңіп алуға мүмкіндік бергенімен түсіндірді.

Енді WBA Фалькаомен жекпе-жек болмаған соң, Головкинге жаңа қарсыласты таңдап, Ларамен қолғап түйістіруді міндеттеп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама