Halyq Uni логотип
×

Атырауда деструктивті діни ағым өкілінен қару тәркіленді

Күдікті бұған дейін де сотты болған

 Айнұр Асылбекқызы 25.03.2022 | 13:08
Атырауда деструктивті діни ағым өкілінен қару тәркіленді
коллаж: yandex.kz

Атырауда 31 жастағы деструктивті діни ағым жақтаушыларының бірінен қару-жарақ тәркіленді. Қаруды заңсыз сақтап, тасымалдау дерегі «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталды.

Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері оның серия нөмірі өшірілген «ОСА» маркалы трафматикалық тапаншасын тәркілеп, сараптама тағайындады. Күдіктінің жеке басын анықтау барысында оның бұрын сотты болғаны белгілі болды. 

Қазір күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-тармағы бойынша («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама