Шет елде іздеуде болған Қазақстан азаматы ұсталды

Дастан Жұмабекұлы

Ол жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін Беларусьтен экстрадицияланды

фото: ашық дереккөз

Бас прокуратураның қызметкерлері жаппай тәртіпсіздікке қатысты деп күдікке іліккен Қазақстан азаматын Беларусьтен экстрадициялады.

Ведомствоның хабарлауынша ол Интерполдың көмегімен ұсталған.

Ол Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін күдікті деп танылды. Қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды. Қазір күдікті Қазақстанға әкелініп, қамауға алынды, –  делінген хабарламада.

Қазақстанның заңнамасына сәйкес, күдіктіге қылмыстары үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.