Ресейде жойқын жарылыс болды (ВИДЕО)

Халық үні

Оқиға орнында апаттық-құтқару жұмыстары жүріп жатыр

фото: myslo.ru

Ресейдің Тула облысы Ефремов қаласында бес қабатты тұрғын үйде газ жарылып, алты адам қаза тапты. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігіне Ефремов әкімшілігінің басшысы Сергей Балтабаев хабарлады. 

«Тағы бір әйелдің мәйіті үйінді арасынан табылды. Алтыншы қаза тапқан адам бар», - деді Балтабаев.

Бұл ақпаратты РФ ТК Өңірлік тергеу басқармасының баспасөз қызметі де растады.

«Қазіргі уақытта қаза тапқан алты адам туралы ақпарат бар, олардың арасында үш әйел мен үш ер адам бар, оқиға орнында апаттық-құтқару жұмыстары жүріп жатыр», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Баспасөз қызметі атап өткендей, тұрғындардан, газ қызметкерлері мен басқарушы компаниядан жауап алынған.

«Газ қолдану жабдықтары шығарылып жатыр. Өрт-техникалық және басқа да сот сараптамасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Үйінді астынан жеті адам шығарылды. Үшеуі ауруханаға жеткізілді.