×

Әлем чемпионы атанған Нора Джеруто қазақша мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Нора Астанада бақ сынайды

 Халық үні 08.02.2023 | 20:51
Фото: Carmen Mandato/Getty Images

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионы Нора Джеруто барша қазақстандық жанкүйерлерге қазақша сәлем жолдап, көпшілікті Астанадағы Азия біріншілігіне шақырды. 

Әлем чемпионы атанған соң, Қазақстан атынан ресми жарыстарға қатыспаған Нора Астанада бақ сынайды. Осыған орай, ол жанкүйерлерге қазақша сөйледі. Аталған видео Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының ресми парақшасында жарияланды.

«Сәлем! Мен - Нора. Қазақтың қара қызы. Кел, халқым, қолда», - деді еліміздің көк туын жамылған желаяқ.

Айта кетелік, 10-12 ақпан аралығында Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты өтеді. Ауқымды шараға 500-ден аса спортшы қатыспақ. Нора Джеруто 2022 жылы АҚШ-та өткен әлем чемпионатында кедергілер арқылы 3000 метрге жүгіруден әлем чемпионы атанды. Ол 2017 жылы Қазақстан құрамасына Кениядан ауысып келген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама