×

Головкин әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жектен бас тартты

Боксшы 2019 жылы IBF тұжырымы бойынша чемпиондық белдікті Сергей Деревянченкодан жеңіп алған еді

 Дастан Жұмабекұлы 08.02.2023 | 17:26
фото: ашық дереккөз

Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясының (IBF) белдігін қайтару туралы шешім қабылдады.

Ол осы атаққа үміткер, бразилиялық Эскиво Фалькаомен кездесуден бас тартты. Осылайша, бұл тұжырымдағы орта салмақ белдігін босатып берді. 

Енді Фалькао чемпиондық белдікті алу үшін австралиялық Майкл Зерафпен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, Геннадий Головкин IBF тұжырымы бойынша чемпиондық белдікке 2019 жылы Сергей Деревянченконы жеңген соң ие болған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама