Отандық көлікті 761 қазақстандық алады
Жеңілдетілген автонесие бағдарлармасы бойынша қай өңір тұрғындарының көлік алғаны белгілі болды, деп хабарлады «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ баспасөз қызметі.
Биыл 6 ақпанда Autonesie.kz сайтында жеңілдетілген автонесие бағдарламасына өтінім қабылданды. Нәтижесінде платформаға 19-62 жас аралығындағы 761 қатысушы тіркелді.
Autonesie.kz сайтына кірушілердің басым көпшілігі Алматыда – 31%, Астанада – 22,6% және Шымкентте – 9,3%. Платформаны алғаш іске қосуға арналған револьверлік қаражат көлемі – 7,6 млрд теңге. Бүгінде автосалондарға 463 қатысушы жүгініп, төлем шоттарын алды. Қатысушылар арасында ең танымал автомобиль – Hyundai және Chevrolet, - деп жазылған хабарламада.
Отандық көлікке ақы төлеуге берілген шоттар төмендегідей:
Қазір бағдарламаға қатысушы банктер («Еуразиялық банк» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, ForteBank АҚ) жалпы сомасы 2, 549 млрд теңгеге өтінім қабылдап, мақұлдаған.
Айта кетейік, жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін жалпы сомасы 281,5 млрд теңгеге 45 325 автомобиль берілген.
Автокредитке келесі өтінім наурызда ашылады.