Halyq Uni логотип
×

Президент Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді қабылдады

Бизнесті мемлекеттік органдардың заңсыз араласуынан қорғауға қатысты түзетулер заңнамаға енгізілді

 Динара Амантай 08.02.2023 | 16:20
Президент Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді қабылдады
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновті қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысына атқарылған жұмыстар мен отандық бизнесті одан әрі қолдау және кәсіпкерлердің мүддесін қорғау жоспары баяндалды. Рустам Жүрсінов президентке 2022 жылы 4 408 өтініш келіп түскенін, оның 1 530-ы (34%) оң шешімін тапқанын және 1030 (23%) өтініш бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты.

Сондай-ақ былтыр бизнес-омбудсмен еліміздің барлық өңірінде кәсіпкерлермен кездесу өткізген. Уәкіл өткен жылы заңнамаға рейдерлікке қарсы күресті күшейтуге және бизнесті мемлекеттік органдардың заңсыз араласуынан қорғауға қатысты түзетулер енгізілгенін жеткізді. Кәсіпкерлік қызмет саласына жаңа реттеуші саясатты енгізу жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы да баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің есебін қабылдап, бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтауға және оларды жою шараларын әзірлеуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама