Ол тау-кен массасының құлауы салдарынан мерт болды
24 наурызда «Саран» шахтасында тау-кен массасының құлауы салдарынан 57 жастағы кенші көз жұмды. Бұл туралы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінен хабарланды.
Кәсіпорын мәліметінше, арнайы комиссия жұмысын бастап, қазір жазатайым оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің деректері бойынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша өндірістегі жазатайым оқиғалардың нәтижесінде 1 465 қызметкер зардап шегіп, олардың 200-і қаза тапқан.
Экономика салалары бойынша зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында – 18,8% (276 адам) және құрылыс саласында 11,3% (167 адам) байқалады.