×

Түркияда бес жасар бала үйінді астынан 52 сағаттан кейін шығарылды

Ол ешқандай жарақат алмаған

 Дастан Жұмабекұлы 08.02.2023 | 14:44
фото: ашық дереккөз

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Хатай провинциясында жойқын жер сілкінісінен 52 сағат өткен соң 5 жасар бала үйінді астынан құтқарылды.

Анадолы агенттігінің хабарлауынша, құтқарушылар қыз баланы аман алып қалған. Ол қираған үйдің астында қалғанымен, ешқандай жарақат алмаған. Бала жақын жердегі ауруханаға жеткізілді.

Одан басқа, Хатай провинциясында 49 сағаттан кейін тағы бір қыз үйінді арасынан құтқарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама