Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсат беру қағидасына өзгеріс енгізілді
Шетелдік азамат тұратын жері бойынша тіркеу кодын алуға міндеттеледі
Елімізде шетелдіктердің тұрақты тұруына рұқсат рәсімдеу қағидасына өзгеріс енгізілді, деп хабарлады Polisia.kz.
Қазақстанда көші-қон келісімі бар елдердің азаматтары елімізге ішкі құжаттармен кіріп-шыға алады, транзитпен өте алады, жүре алады және уақытша бола алады.
Алайда шетелдіктің Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсат алуы үшін шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын және олардың құқықтық мәртебесін растайтын құжат ретінде шетелдік төлқұжат (паспорт) керек.
6 қаңтарда ІІМ-нің бұйрығымен тұрақты тұруға рұқсат рәсімдеу қағидасына өзгеріс енгізілді.
Енді шетелдіктерге тұрақты тұруға өтініш берген күні жарамдылық мерзімі кемінде 180 күнтізбелік күн болатын өзінің шетелдік төлқұжатын ұсынуы қажет. Уақытша тұруға рұқсаттар алу үшін тұрғын үй иесінің, оның атынан сенімхат бойынша әрекет ететін адамның баруы немесе меншік иесінің нотариалды расталған келісімі қажет. Өзгерістерге сәйкес, рұқсатты рәсімдегенде көрсетілетін мекенжайда оның тіркеу коды болуға тиіс, – деп жазылған хабарламада.
Бұл шаралар шетелдіктерді жоқ мекенжайларға, сондай-ақ өтініш иесіне қатысы жоқ мекенжайларға тіркеу мүмкіндігін жою үшін қабылданып отыр.