×

Мемлекет басшысы Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды

Президент еліміздің жан-жақты қолдау көрсететінін айтты

 Дастан Жұмабекұлы 08.02.2023 | 11:52
фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне барып, бауырлас елдің оңтүстік-шығысында болған алапат зілзала салдарынан мыңдаған адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Сондай-ақ Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.

Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Түркияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көп адамның қаза табуы баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан түрік бауырларымызға көңіл айтамын, – деп жазды мемлекет басшысы.

Қазір еліміз Түрік Республикасына жан-жақты көмек беріп жатыр. Бүгін президент Үкіметке Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 млн доллар бөлуді тапсырса, Түркияға құтқарушылардың екінші тобы барғалы жатыр. Түркияға тартылған құтқарушылардың жалпы саны – 100 адам.

Одан басқа, қоғам белсенділері де «Түркияға – 100 киіз үй» науқанын бастап, көмек қолын созып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама