×

Алматыда арнайы операция барысында интернет-алаяқтар ұсталды

Олардың 3 қылмысқа қатысы бары анықталды

 Дәурен Ерболат 08.02.2023 | 11:46
Фото: Polisia.kz

Алматыда полиция арнайы операция жүргізіп, интернет-алаяқтарды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Бүгінде Алматыда республикалық Anti Fraud іс-шарасы өтіп жатыр. Нәтижесінде интернет алаяқтықпен айналысқан топ тұсталды. Оның құрамында 4 адам болған: 25, 27 жастағы әйелдер, 28, 33 жастағы ер адамдар.

Бостандық ауданының ПБ-на қарасты полиция бөліміне алматылық тұрғын арызданды. Ол 1,1 млн теңгесінен айырылып қалған.

Ер адамның ұялы телефонына профилінде әпкесінің суреті бар абоненттен хабарлама түскен. Хабарламаны жіберуші оның банк шотына ақша жіберуді өтінген. Ол әпкесіне көмектескеніне сенімді болды, — деді Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының басшысы Қуатбек Науатов.

Оның айтуынша, алаяқтар анықталып ұсталды. Күдіктілердің Түркістан облысынан келгені анықталды. Ұсталғандардың үшеуі бұрын да алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Қылмысты ашуға банктің қауіпсіздік қызметкерлері көмектесті. Бүгінде қылмысты ашу бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу кезеңінде бұл топ жасаған 3 бірдей алаяқтық дерегі анықталды, – деді Қуатбек Науатов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама