Автожолдарда 429 арнайы техника мен 950 маман жұмыс істеп жатыр
Еліміздің батысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірнеше республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Көлік қозғалысы Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе өңірлерінде шектелді. Республикалық автожолдарда 429 арнайы техника мен 950 маман қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқарып жатыр.
Еске сала кетсек, биылдан бастап жабық жолдарда көлік жүргізгендерге жаза қолданылады.