×

Атаулы жалақы 338 мың теңгеден асты

Құрылыс саласында жалақы бір жылда 42%-ға өсті

 Дәурен Ерболат 08.02.2023 | 09:15
Фото: Halyq Uni

Елімізде 2022 жылғы төртінші тоқсанда атаулы жалақының орташа мәні 338 715 мың теңгеден асты, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

2021 жылғы төртінші тоқсанмен салыстырғанда, өсім – 22,9%, нақты мәндегі өсім – 2,8%.

Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2022 жылғы төртінші тоқсанда бағалау бойынша 204 168 теңге болды.

Бір жылда орташа айлық жалақы құрылыс саласында – 42%, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсетуде – 32,6%, ақпарат және байланыста 31,9% өсті. Ал түрлі қызмет көрсету саласында керісінше 2,4% төмендеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама