COVID-19 жұқтырғандардың саны тағы өсті
1500-ден аса қазақстандық аурудан емделіп жатыр
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны тағы өсті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте 78 адамнан коронавирус, 13 адамнан пневмония анықталды.
8 ақпандағы мәлімет бойынша 1 543 адам COVID-19 (–1 387+ және 156 КВИ-) емделуде.
Олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 422 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 7 адамның жағдайы ауыр, сондай-ақ жағдайы өте ауыр және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған науқас жоқ, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, кеше 51 адам COVID-19 жұқтырған еді.