Түркияда үйінді астынан кішкентай қыз 7 сағаттан соң еңбектеп шықты
Кішкентай қыздың құтқарушыларға қарай еңбектеп келе жатқаны видеоға түсірілген
Түркияда үйіндінің астынан кішкентай қыз құтқарылған сәт видеоға түсірілді. Видеоны журналист Гүлмира Әбіқай Instagram парақшасында жариялады.
Онда кішкентай қыздың құтқарушыларға қарай еңбектеп келе жатқанын көруге болады.
«Баланы періштесі қорғайды деген рас-ау. Түркиядағы жер сілкіністен үйіндіге айналған үй астынан 7 сағаттан соң аман-есен шыққан қыз», -деп жазды журналист.
Анадолу агенттігінің соңғы мәліметінше, Түркиядағы екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5434-ке жетті, 31 777 адам жарақат алған.