×

Түркиядағы жер сілкінісі: 3 қазақстандық із-түзсіз жоғалып кетті

Қазақстандықтар зілзала болардан бір күн бұрын контент түсіру үшін Хатай қаласына барған

 Халық үні 07.02.2023 | 21:35
Фото: smotrim.ru

Қазақстандық үш азамат Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кетті, деп хабарлады Qazaqstan телеарнасы.

Жоғалып кеткен Мирболат Құрмашевтің бауыры Алматтың айтуынша, олар үш жылдан бері Түркияда тұрады. Өзінің ІТ стартабы бар. Сол жақта жұмыс істейді. Зілзала болардан бір күн бұрын контент түсіру үшін Хатай қаласына барған.

Содан бері ағасымен байланыс үзілген. Жақындары мен достары алаңдап, жан-жақты іздестіруде, бірақ әлі де ешқандай хабар-ошар жоқ. Түркиядағы Қазақстанның елшілігіне де хабарланған. Бүгін түнде Алмат бастаған бірнеше ерікті қазақстандықтарды іздестіру үшін Түркияға ұшады.

«Ағамның қасында Сабина Мамадиярова және Әділ Қадырбеков есімді 2 қазақстандық болған. Ағамның толық аты – Мирболат Құрмашев Амантайұлы. Барлығы оны Мирус деп біледі. Қасындағы төртінші кісі Түркияның азаматы. Барлығының телефондары өшіп тұр. Хабарласа алмай жатырмыз», - дейді Мирболаттың інісі Алмат Құрмашев. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Дизель отынының қоры 326 мың тоннаға дейін ұлғайтылды

Энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
23.03.2023 | 14:24

Шавкат Рахмонов су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып береді

Белгілі спортшы қиын кезеңді бастан өткерген халықпен әрдайым бірге екенін айтты
23.03.2023 | 14:01

Астана Наурыз көже дайындау бойынша рекордты жаңартты

Наурыз көже көлемі 60-тан 150 литрге дейінгі 10 қазанда дайындалған
23.03.2023 | 13:01

Ақтөбеде 42 жас отбасы баспаналы болды

Облыс әкімі арнайы сертификаттарды табыстады
23.03.2023 | 12:02