Қостанай облысында жол апатынан егіз балалар мен анасы қаза тапты
Жол апаты салдарынан 3 адам – 9 жасар егіз балалар және олардың 33 жастағы анасы қаза тапты.
Жол апаты 7 ақпанда Қостанай-Қарабұтақ тас жолының 470-шақырымында болған, деп хабарлайды Қостанай олысы Полиция деартаменті.
JAC S3 автокөлігінің жүргізушісі алдындағы машинаны басып озбақ болып қауіпсіздікке көз жеткізбестен қарсы қозғалыс жолағына шығып, ауыр жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
«Жол апаты салдарынан 3 адам – 9 жасар егіз балалар және олардың 33 жастағы анасы қаза тапты. Тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Осы оқиғаға қатысты ҚК 345-бабы 4-бөлімі «Жол жүру ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.