Қазақстандық құтқарушылар Түркияның Газиантеп қаласына жетті (ВИДЕО)
Оларға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы учаске бекітіледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарға шұғыл көмек көрсету үшін құтқарушылар мен дәрігерлерден жасақталған бригада Түркияның Газиантеп қаласына жетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, келесі кезең жеке құрамды, техника мен жабдықты түсіру, сондай-ақ жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау болады. Құтқарушыларға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы учаске бекітіледі деп күтіліп отыр.
ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар.