×

ШҚО-да жазасын өтеуші түрмедегілерге терроризмді насихаттаған

Оның кінәсі сотта толық дәлелденді

 

 Дәурен Ерболат 07.02.2023 | 15:25
Фото: aa.com.tr

Шығыс Қазақстан облысындағы түрмеде жазасын өтеушінің терроризмді насихаттағаны анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Айта кетсек, ол өңірдегі түзету мекемесінде жазасын 2020 жылдан бастап өтеп жатыр екен.

Ол Астанада сотталып, Шығыс Қазақстан облысындағы түзеу мекемелерінің біріне жазасын өтеуге келген. Алайда терроризмді насихаттауын түзеу мекемесінде жалғастырды, - деп жазылған хабарламада.

Бұл деректі ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті тергеп, сотқа жолдады.

Өскемен қаласы №2 соты Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлігі («Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру») бойынша сотталушыны кінәлі деп танып, 4,6 жылға бас бостандығынан айырды, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама