Түрік компаниясы Шу қаласында қант зауытын салады
Бағдарлама 2025 жылға дейін өндірісті 270 мың тоннаға дейін өсіруге мүмкіндік береді
Еліміз Түркияның Konya компаниясымен бірігіп, Жамбыл облысының Шу қаласында жаңа қант зауытын салатын болды. Бұл туралы бүгін Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты.
Елімізде тағы бір қант зауытын салу мәселесі ұзақ уақыт талқыланып келді. Түріктің Konya компаниясымен бірігіп, Шу қаласында қант зауыт саламыз. Қазір жоба жан-жақты қарастырылып жатыр. Қант саласын дамыту бағдарламасы 2025 жылға дейін өндірісті 270 мың тоннаға дейін өсіруге мүмкіндік береді, – деді Серік Жұманғарин.
Оның айтуынша, елімізде қант тапшылығына қатысты проблема туындамайды. Былтыр елімізде 306 мың тонна қант өндірілді. Бұл – өте жақсы нәтиже. Себебі бұған дейін көрсеткіш жылына 100 мың тоннадан сәл көп болған.